Ссылки доступа

Бішкекте "Дордой" базарындағы жанжал тексеріліп жатыр (видео)


Бішкекте тігін цехының жанында болған оқиғаға байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу істері басталып, алты адам милицияда жауап берді. Бұл туралы Бішкектегі Бірінші май аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мекеме мәліметіне қарағанда, оқиға сенбіге қараған түні Ош базары жанындағы Бейшеналиева атындағы көшеде болған.

Милицияға арыз жазған әйел белгісіз адамдар тобы тігін цехына барып, ол жерде тігілген тауарды Ресейге экспорттаған тәжік азаматтарымен жұмыс істеуді тоқтатуды талап еткеніне арызданған.

"Дордой" базарындағы саудагерлер мен кәсіпкерлер ортасындағы келіспеушіліктен жанжал орын алған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жанжалға себеп болған қырғыз тауарларының тәжік кәсіпкерлері арқылы Ресейге экспортталуы. Олар отандық өнімнің делдалсыз тікелей Ресейге экспортталуын талап еткен.

XS
SM
MD
LG