Ссылки доступа

Өзбекстанда тәуелсіз кәсіподақ лидері ұйымына қысым жасалып жатқанын хабарлады


Өзбекстан тарихындағы ең алғашқы тәуелсіз кәсіподақ ұйымының белсенділері билік тарапынан қысым көріп жатқанын хабарлады.

Биыл 19 наурызда құрылған "Халық бірлігі" деп аталатын кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Агайдарованың айтуынша, Ақалтын ауданының басшылары ұйымға мүше болып кірген фермерлерге қысым жасап, олардың жер учаскелерін тартып аламыз деп қорқытқан.

Ол бұдан бөлек өзіне Сырдария облыстық кәсіпорын ұйымының жетекшілері телефон шалып, бірігуді ұсынғанын айтады.

"Облыстық ұйымның басшысы және оның орынбасары телефон соғып, Республикалық федерация біздің ісімізге наразы екенін, өлкеде тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болуы мүмкін емес екенін айтқан. Мен 2019 жылдағы заң бойынша тәуелсіз ұйымдар оларға қосылуға міндетті емес екенін айттым", - дейді Агайдарова.

19 наурызда Сырдария облысының Сардоба ауданындағы "Индорама Агро" компаниясының жұмысшылары құрылтай өткізіп, Өзбекстан тарихында бірінші рет тәуелсіз кәсіподақ құрылғанын жариялаған.

Роза Агайдарова жаңа ұйым өлкеде 1991 жылдан бері істеп келе жатқан жалғыз Кәсіподақ ұйымына бәсеке болу үшін құрылғанын айтты.

XS
SM
MD
LG