Ссылки доступа

Ташкентте жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнатушыларға шабылдағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)


В центре Ташкента сотни мужчин напали на поклонников японского аниме и корейской поп-музыки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:05:09 0:00

В центре Ташкента сотни мужчин напали на поклонников японского аниме и корейской поп-музыки

28 наурызда Ташкент орталығында жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнатушыларға шабуылдағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ташкент қалалық милициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 28 наурызда сағат 15.00-де Ташкент орталығында ЛГБТ белсенділеріне қарсы наразылық акциясы өтті. Наразылықта түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде таралды. Ондаған жігіт Форумдар сарайының алдында "Аллаху акбар!" деп айқайлаған.

Қала милициясының хабарлауынша, акцияға қатысқан 12 адам ұсталды. Ташкенттің Мирабад ауданының ішкі істер бөлімі "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Милицияның хабарлауынша, үш-төрт азамат Т. С. есімді жігіт пен Б. Р. есімді қызды ЛГБТ белсендісі деп қабылдап, оларға күш көрсетпек болған.

"Бұл азаматтарға тағы 20-25 адам қосылды. Олар қоғамда жүріп-тұру тәртібін бұзып, бұзақылық әрекеттер жасады", – делінген хабарламада. Әлеуметтік желілерде таралған видеоларда акцияға қатысқандар бұдан да көп болғаны байқалады.

Бұның алдында хабарланғандай, 28 наурызда Ташкенттің Әмір Темір даңғылында жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнатушылардың жиынын ұйымдастырмақ болған блогер Миразиз Базаровты белгісіз бірнеше жігіт ұрып кеткен.

XS
SM
MD
LG