Ссылки доступа

Бішкек қалалық кеңесін сайлау: бірнеше партия дауыс сатып алуға тырысқан


Бішкекте қызмет бабын асыра пайдаланып, сайлаушылардың дауысын сатып алуға тырысқандарға қатысты 11 іс тіркелген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, "Ата Жұрт Қырғызстан" партиясы атынан сайлауға түсетін екі үміткердің үстінен іс қозғалған. Бұған қоса, "Ақ-Бата" партиясының насихаттаушысы сайлау науқанын қаржыландыру ережесін бұзған деген күдікке ілікті. "Эмгек" партиясының мүшесі сайлаушы дауысын сатып алуға талпынды деп айыпталды.

Сонымен бірге "Эмгек" партиясының бірнеше мүшесі қызмет бабын асыра пайдаланған делінеді. Солардың бірінде астанадағы мектептердің бірінде мұғалімдер үгіт-насихат жүргізгені айтылған.

Қырғызстанда жергілікті кеңес сайлауы биыл 11 сәуірде өтеді. Сайлауда кеңестердің ​448 депутаты сайланады.

Бішкек қалалық кеңесіндегі 45 мандатқа 25 партиядан 1820 адам таласады.

XS
SM
MD
LG