Ссылки доступа

Суэц каналында батып қалған "Эвер Гивен" кемесі қайраңнан шығарылды


Этот снимок сделан на месте происшествия в Суэцком канале
Этот снимок сделан на месте происшествия в Суэцком канале

"Эвер Гивен" контейнер таситын кеме дүйсенбі күні таңертең қайраңнан шығарылды. Кеме Суэц каналындағы қозғалысты 23 наурыздан бері бөгеп тұрды.

Суэц каналындағы қозғалыс қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Бұл туралы Inchcape Shipping компаниясы твиттерде хабарлаған.

Алып кемені қайраңнан екі мәрте тартып шығара алмаған еді. Жексенбі күні қосымша жүк тартатын катерлер алдырылды. Bloomberg мәліметіне қарағанда, кемені қайраңнан алып шығу үшін құтқару тобы кеменің тұмсығы кіріп кеткен жерден 27 мың текше метр құм мен балшық алып шыққан.

Ұзындығы 400 метр, 220 мың тонна жүк таси алатын алып кеме Суэц каналының оңстүтік бөлігінде құмды дауыл кезінде тұрып қалды. Соның салдарынан Суэц каналындағы қозғалыс бөгеліп, 300-ге жуық кеме өте алмай қалған. Олардың кейбірі Африканы айналып өтуге мәжбүр болды.

"Эвер Гивен" кемесі туғызған қолайсыздықтан күніне 9 миллиард доллар шығын келді. Нарықта мұнай бес пайызға қымбаттады.

XS
SM
MD
LG