Ссылки доступа

Өзбекстанның екі облысында су тасқыны болды: үйлерді су басып, көпір құлады (видео)


28 наурызда Өзбекстанда нөсер жауыннан бірқатар аудандарды су басты. Ресми мәлімет бойынша, Самарқанд облысы көп зардап шеккен. Навои облысының билігі құрбандар мен зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеп отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары су тасқынынан зардап шеккен үйлер мен құлаған көпірдің суреттерін жариялап жатты. Самарқанд облысы Пахтачи ауданында құлаған көпір жақында ғана қолдануға берілген екен.

Самарқанд облысының билігі әзірге нөсер жауыннан болған шығын жөнінде ресми мәлімет бермеді.

Навои облысының әкімшілігі болса, бірқатар ауданның су басқанын, бірақ ешкім зардап шекпегенін, адам шығыны болмағанын хабарлады.

28 наурызда Бұхара облысында да қатты нөсерден бірқатар көшелерді су басып қалған. Төтенше жағдай басқармасы дер кезінде көшелерді судан тазарттық деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG