Ссылки доступа

Тәжік діни уағызшысын Ресей азаматтығынан айырып, елден шығарды


Саиднуриддин Розиков (Эшони Саиднуриддин ретінде танымал)

Ресей билігі Эшони Саиднуриддин ретінде танымал тәжік діни уағызшысы Саиднуриддин Розиковты Ресей азаматтығынан айырып, елінен депортациялады. 60 жастағы діни уағызшы 20 жылдан астам Свердлов облысындағы Режевск ауданында тұрған.

Эшони Саиднуриддиннің туыстары оны Тәжікстан билігі тыйым салынған "Салафия" діни ұйымымен байланысы бар деп негізсіз айыптап отыр дейді.

"Әкем төрт күн бұрын құпия жағдайда жоғалып кетті. Оған жергілікті шенеунікпін деп таныстырған адам звондады. Әкем киініп, шығып кетті. Келесі күні оны Тәжікстанға жөнелткенін білдік", - дейді ұлы Мұхаммед.

Осыған дейін Режевск аудандық соты Эшони Саиднуриддинге Ресей азаматтығын қайтару туралы шешім шығарған. Жеті күн ішінде төлқұжатын қайтарып беру керек болған екен.

Тәжікстан ІІМ-дегі дереккөз 29 наурызда оның Тәжікстанда екенін растады. Белгілі болғандай, қазір оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тергеп жатыр.

Ұлы Мұхаммедтің айтуынша, тергеу орындары әкесін босатып, қылмыстық істі тоқтату үшін бір миллион рубль пара сұраған.

Бірақ тергеу орындары бұл мәлімет туралы ешқандай ақпарат бермеді.

Саиднуриддиннің туыстары ол ешқандай діни ұйымдардың жақтасы болған емес, саяси тақырыптан да үнемі қашатын дейді. Ол 1998 жылы отбасымен Ресейге көшіп кеткен, сонда киім сатумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG