Ссылки доступа

"Манас" әуежайында эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар халықаралық рейстер тоқтады


Қырғызстанның "Манас" халықаралық әуежайы 29 наурызда кешкісін эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар халықаралық рейстердің тоқтағанын хабарлады.

Оған сәйкес төмендегі рейстер уақытша тоқтатылады:

  • "Бішкек – Воронеж – Бішкек" (3-25 сәуірге дейін);
  • "Бішкек – Грозный – Бішкек" (30 наурыздан 6 сәуірге дейін);
  • "Бішкек – Иркутск – Бішкек" (3 сәуірден 29 сәуірге дейін);
  • "Бішкек – Новосибирск – Бішкек" (31 наурыздан 2 сәуірге дейін);

Сонымен бірге Air Astana әуе компаниясы "Алматы – Бішкек – Алматы" бағытындағы бірқатар тұрақты рейсін тоқтатты.

China Southern Airlines әуе компаниясы болса, "Үрімші – Бішкек – Үрімші" бағытындағы рейсті уақытша толығымен тоқтатты.

"Манас" әуе жатый рейстер жөнінде толық мәлімеитті airport.kg сайтынан алып отыруды ұсынады.

XS
SM
MD
LG