Ссылки доступа

Түркіменстан президенті енді парламенттің жоғарғы палатасының мүшесі болды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Халық Мәслихаты мүшесі болып сайланды. Бұл жөнінде 29 наурызда үкімет отырысында президенттің өзі хабарлады.

63 жастағы Бердімұхамедов Ахал уәлаяты атынан депутат болып, заң шығару органының мүшесі болды. Ол сонымен бірге Түркіменстанның президенті ғана емес, үкімет басшысы да.

Былтыр қыркүйек айында ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер түркімен президенті белгілі себептерге байланысты өз міндетін атқара алмаса, жаңа президент тағайындалғанша, оның міндетін Халық Мәслихатының төрағасы атқарады.

Егер оны жоғарғы палатаның төрағасы етіп сайласа, Түркіменстанда конституциялық дағдарыс орын алуы мүмкін.

Бұдан бөлек Бердімұхамедов жоғарғы палатаның сегіз мүшесін өзі тағайындайды.

Түркіменстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысы бойынша 1 наурызда жариялаған 111 тізімде, президенттің аты-жөні болмаған. Кейін белгілі болғандай, ол 112 үміткер болып тіркелген.

XS
SM
MD
LG