Ссылки доступа

Өзбекстан милициясы: соққыға жығылған блогер "сыртқы деструктивті күштердің қолдауына ие"


Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстен "гомосексуализм" туралы бапты алып тастауын талап еткен блогер Миразиз Бозоров туралы видео жариялап, оның өзін кінәлады.

Министрліктің ресми мәлімдемесі бойынша, Миразиз Бозоров әлеуметтік желілерде Ташкенттегі "Хазрати Имам" мешіті мен Әмір Темір даңғылында дәстүрге жат сексуалды көзқарастағыларды жаппай шеру өткізуге үндеген.

Бозоров "қоғам тәртітін ескерместен, өзбек ұлтына жат видео тарату арқылы "қоғамға өзінің әдепсіз қылығын көрсеткен" делінген министрлік мәлімдемесінде.

"Соның салдарынан, 28 наурызда мұндай үндеуді жат деп есептейтін біздің азаматтар Ташкенттегі Әмір Темір даңғылына жиналып, осыған қатысты пікірін айтқысы келді. Бұл адамдар жаппай тәртіпсіздік жасап, қоғам қауіпсіздігін бұзды. Құқық қорғау органдары шұғыл әрекетімен тәртіпсіздікті басты, кінәлілерді ұстады", - деп айтылды видеода.

Бұған қоса, ІІМ Бозоровты "сыртқы деструктивті күштер мен тұрлі халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен гомосексуализмді және сол секілді зұлымдықты насихаттады" деп айыптады.

28 наурызда Ташкентте Әмір Темір даңғылына жиналып, жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнататындарды соққыға шыққандарға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. 28 наурызда осы шараны ұйымдастырмақ болған 29 жастағы Миразиз Бозоровты сол күні түнде белгісіз біреулер ұрып кетті. Ол ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG