Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара туралы бірлескен хаттамасын аймақтардағы қырғызстандықтарға түсіндіреді


Қырғыз үкіметінің шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі делегациясының басшысы Камчыбек Ташиев Баткен, Жалал-Абад және Ош облыстарына барып, жергілікті тұрғындарға Өзбекстанмен бірге қабылданған шекара туралы хаттаманы түсіндіреді.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, 30 наурызда Қадамжай ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесу өтеді. Оған дейін Үзген, Қара-Сууй және Сузак аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 31 наурызда Ала-Букин және Аксый аудандарында жиын болады.

26 наурызда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, шекара жөніндегі үкіметтік делегацияның басшысы Камчыбек Ташиев Ташкенттегі екі күндік келіссөздің нәтижесін баспасөз конференциясында хабарлады. Ол шекара мәселелері "жүз пайыз шешілді" деп мәлімдеді. Тараптар қорытынды хаттама қабылдаған.

Одан соң мемлекетаралық келісім қабылданып, оны Жогору Кенеш қарайды.

Үкімет делегацияларының келесі жиналысы Қырғызстанда өтеді.

Қырғызстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр.

XS
SM
MD
LG