Ссылки доступа

Тәжікстанның Мәскеудегі консулдығы қызметкеріне шабуыл жасаған адам ұсталды


У консульства Таджикистана в Москве

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, Мәскеудегі консулдық қызметкеріне шабуылдаған адам ұсталды. Оқиға 29 наурында түсте елшілік ғимараты алдында болған.

Мәскеудегі тәжік елшілігіндегі дереккөздің 30 наурызда Озоди радиосына хабарлауынша, пышағы бар адам елшілік алдында тұрған адамдарға келіп, күзетшілердің біріне шабуылдаған. Күзетші жеңіл жараланған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, күдікті "Ислам мемлекеті" тобының мүшесі болған, оны тәжік билігі іздестірген. "Ол экстремистік көзқарасты жақтайтын қауіпті адам", - деді дереккөз. Мұндай қылмысқа неге бардың деген сауалға ол: "мұнда мұсылмандарды қинайды", деп жауап берген.

"Елшілікті полиция күзетіп тұр, жас жігіт ұсталды, қазір ол тергеу изоляторында отыр", - деді дереккөз.

Ақпарат таратушы сайттар күдіктінің аты-жөні Шамиль Мустакимзода екенін хабарлаған. Алайда Тәжікстанның Ресейдегі елшілігіндегі дереккөз күдікті аты-жөнін өзгертіп алғанын айтқан.

Бір күн бұрын ютубте жарияланған видеода бірнеше тәжік мигранты Иззат Амонды босатуды талап етіп елшілікке жиналғанын, сол кезде елшілік қызметкерлері сақал қойғаны үшін Шамиль Мустакимзоданы соққыға жыққанын айтқан. Елшілік қызметкерлері бұны жоққа шығарып отыр.

Танымал тәжік құқық қорғаушысы Иззат Амон Мәскеуде ұсталып, екі күн бұрын Ресейден Тәжікстанға депортацияланды. Оны Душанбеде алаяқтық жасады деген айыппен ұстады.

XS
SM
MD
LG