Ссылки доступа

Ресейден депортацияланған тәжік құқық қорғаушысы Душанбеде абақтыда отыр (видео)


Иззат Амон мен оның ұлы Мұхаммадюсуф Холов
Иззат Амон мен оның ұлы Мұхаммадюсуф Холов

Ресейден депортацияланғаннан кейін Душанбеде қамалған тәжікстандық құқық қорғаушы Иззат Амонның ұлы Мұхаммадюсуф Холов 30 наурызда ішкі істер министрлігінің тергеу абақтысында әкесімен кездескенін хабарлады.

"Әкемнің денсаулығы жақсы. Билік өкілдері келтірген шығынның орнын толтырса босатылады деді. Әкем де жақында бостандыққа шығатынына сенімді", - деді Холов.

Құқық қорғау органдары болса құқық қорғаушының босатылуы мүмкіндігі жайлы ресми ақпарат бермеді.

Сын Иззата Амона в Душанбе до сих пор не знает, где его отец
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00

25 наурызда Иззат Амонның әріптестері Мәскеу полициясы оны үйінен алып кеткенін мәлімдеген.

48 жастағы Иззат Амон 2000 жылдардан бері Мәскеуде тұрады. 2009 жылы Ресей СІМ жанындағы Дипломатиялық академияны, 2013 жылы Ресей президенті аппараты жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының аспирантурасын бітірген.

Иззат Амон Мәскеудегі Халықаралық адвокаттар бюросында істейді және "Мәскеудегі тәжіктер орталығы" ұйымын басқарады. 2019 жылы ол хиджапқа тыйым салуды сынағаны үшін Тәжікстанда оған экстремизм бабы бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG