"Кадамжай ауданының Бірлік ауданында Чечме деген бұлақ бар. Білесіздер, былтыр сол жерде жанжал шығып, екі елдің халқы дауласып қалған. Бұл бойынша әлі нақты шешім қабылданбады. Бүгін барып көріп келдім. Чечме бұлағы екі соттық жер екен. Бірақ жоғарғы жағында біздің ата-бабаларымыздың мазары бар екен. Анығын айтқанда, біз ортақ келісімге келе алмай жатырмыз. Бұлақтың айналасын қосқанда бір гектар жер. Бұл мәселені әзірге ашық қалдырдық. Қалған жер бойынша келісімге келдік", - деді Ташиев.
Былтыр 31 мамырда Кадамжайдың Чечме ауылы мен Өзбекстанның Сох ауданы Чашма ауылының тұрғындары ортасында бұлаққа таласып, жанжал шыққан. Екі жақтан да ондаған адам жараланған.
Қырғызстанның аймағында анклав болып орналасқан Сох ауданында 80 мыңдай адам тұрады.
Қырғызстан үкіметінің делегациясы өткен аптада Өзбекстанда үш күндік сапармен болып, шекара бойынша екі жақты кездесуге қатысқан. Бұл сапардан кейін 26 наурызда Ташиев қырғыз-өзбек шекарасы 100% шешілгенін жариялаған.