Ссылки доступа

ҰҚМК басшысы: даулы 13 мың гектар жер Қырғызстанға өтті


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев 30 наурызда Ош облысындағы Үзген ауданының тұрғындарымен кездесті. Шенеунік халыққа "даулы 13 мың гектар жер Қырғызстанға өткенін" хабарлады.

"Орто-Токой су қоймасының 800 гектары Қырғызстан аумағында орналасқан. Бірақ су қорының 95 пайызын Өзбекстан пайдаланады, ал бізге бар болғаны бес пайыз қалады. Сондықтан біз көршілерден осы 800 гектардың орнына басқа жер беруін сұрадық. Бұған дейін өзбек тарапы бізге 200 гектар берген екен. Біз қалғанын сұрадық. Бірақ олар ол үшін біз Өзбекстан аумағында орналасқан Кок-Серек, Баястан және Ункур-Тоо қырғыз ауылдарын көшіріп алуымыз керек деді. Сол себепті біз су қоймасының орнына осы ауылдарды өзімізге қайтардық", ‒ деп түсіндірді Камчыбек Ташиев. Ол шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік комиссияны басқарады.

ҰҚМК төрағасының айтуынша, Кара-Сууй аудынның шекарасы Өзбекстанға қарай 100 гектарға кеңейеді. Бұған қоса Ош облысының Үзген және Созақ аудандарының аумағы 1000 гектарға ұлғайды.

25 наурызда Ташкентте Қырғызстан мен Өзбекстан делегацияларының шекара мәселесіне қатысты келіссөздері өтті. Камчыбек Ташиев Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесі "жүз пайызға шешілді" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG