Шекараны қорғап тұрған сарбаздар екі ауыл арасында жүруге рұқсат бермейді. Қоршаулар мен орлар былтыр коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде пайда болған.
Хистеварз тұрғындарының айтуынша, Қырғызстанмен арадағы шекара ашылмағанымен, қоршаулардың алынуы махалла арасында жүріп-тұруды біршама жеңілдеткен. Орлар Худжанд пен Канибадам арасындағы жолға шығатын жерде қазылғандықтан, тұрғындардың жол жаққа өтуі қиындаған еді.
"Қазір ауыл тұрғындары егістікке еркін шығып жүр. Бензин мен газ үнем болды. Бір жыл бойы айналма жолмен жүрдік. Жаман жол көліктерді әбден тоздырды", - деді Хистеварз тұрғыны Фуркат Рустамов.
Екі ауыл арасында қазылған 34 ордың бәрі әлі көмілген жоқ.
"Тәжіктер бізден бензин сатып алады. Біз олардан азық-түлік аламыз. Ауыл тұрғындары кедей тұрады. Олар қымбат азық-түлік сатып ала алмайды", - дейді қырғыздың Арка ауылының бір тұрғыны.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы 971 шақырымға созылып жатыр, соның 504 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.