Ссылки доступа

Өзбекстанда президентке Интернетте тіл тигізгендер жазаланады


Телекоммуникация желілерінде немесе Интернетте Өзбекстан президентіне тіл тигізгендер менесе жала жапқандар бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Өзбекстан әділет министрлігінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекске осындай ереже енді.

30 наурызда Өзбекстан президенті "Өзбекстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Кодексте көпшілікті тәртіпсіздікке және азаматтарға күш көрсетуге үндегендерге шара қолдану туралы ереже пайда болды. Осындай қылмыс жасағандар да бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, телекоммуникация желілерінің, Интернеттің көмегімен осындай әрекет жасаған топтардың мүшелеріне айыппұл салынады немесе оларды он жылға дейін түрмеге отырғызады.

XS
SM
MD
LG