Ссылки доступа

Қырғыз парламенті Жоғарғы сот төрағасын қызметтен алды


Жогорку Кенеш Жоғарғы сот төрағасы Гүлбара Калиеваның қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Мұндай ұсыныс президент Садыр Жапаровтан түскен.

Президент үндеуін депутаттарға мемлекет басшысының құзырлы өкілі Анарбек Калматов жеткізді. Ұсынысты 61 депутат қолдады, төртеуі қарсы шықты.

Судьялар кеңесіне қарасты Тәртіп комиссиясы бұның алдында Гүлбара Калиеваны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берген.

Еске салайық, Бас прокуратура Калиеваны қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсынысты Судьялар кеңесіне түсірген. Оның алдында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Жоғарғы сот төрағасы Гүлдара Калиеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Істің "Жергілікті сот" жүйесін дайындау мен енгізу жұмыстарындағы жемқорлыққа қатысы бар. Калиева тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG