Ссылки доступа

Ресейлік хакерлерді АҚШ мемлекеттік департаментінің поштасына ұрлыққа түсті деп айыптады


Вид на здание посольства США в Москве

Хакерлер АҚШ мемлекеттік департаментінің бірнеше мың хатын ұрлаған. Бұл хаттарды Еуропа және Еуразия істері жөніндегі бюро және Тынық Мұхит аймағының істері жөніндегі бюро жазған.

Хаттарды Кремльмен байланысы бар ресейлік хакерлер ұрлаған болуы мүмкін. Бұл туралы Politico журналы АҚШ Конгрессіндегі дереккөздер мен америкалық бір шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, ресейлік хакерлер он жылдың ішінде осымен екінші мәрте Мемлекеттік департамент поштасын бұзған. Бұған дейін АҚШ дипломаттарының хаттары WikiLeaks сайтында жарияланған еді. Дереккөздер ондағы хаттарды Ресей барлауы берген болуы мүмкін деп болжады. Өткен жылы ұрланған хаттарда құпия мәліметтер бар-жоғы әзірге белгісіз, деп жазды журнал.

Politico мәліметіне қарағанда, департамент поштасы былтыр бұзылған, бірақ ол жөнінде енді ғана мәлім болды.

XS
SM
MD
LG