Ссылки доступа

Душанбеде Мәскеуге билет алуға кезек көбейді (видео)


Душанбе-Мәскеу-Душанбе рейсі сәуір айынан бастап тұрақты ұша бастайтыны хабарланған сәттен, билет алуға кезекке тұрғандар қарасы көбейді.

31 наурызда тұрғындар Мәскеуге билет алу үшін "Шомансур" базары жанындағы әуекассасына барған. Ұзын-сонар кезек көбейген соң, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында кезекке тұрушылардың тізімін өздері жасай бастаған.

Алайда "Азия-Плюс" агенттігі "Utair және "Сомон Эйр" әуе компаниясы өкілдеріне сілтеме жасап, билеттер әлі сатылымға түспеді деп хабарлады. Екі компанияның билет құны әзірге бірдей. Душанбеден Мәскеуге - 349 доллар, Мәскеуден Душанбеге - 143 доллар.

Ресми мәлімет бойынша, Душанбеден Мәскеуге алғашқы рейс 3 сәуір күні түнгі сағат 2-де ұшады.

Ресей билігі 1 сәуірден бастап Тәжікстанмен әуе қатынасын қалпына келтіретінін мәлімдеді. Корнавирус пандемиясына байланысты былтыр наурыз айынан бері уақытша тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG