Ссылки доступа

Ресейдегі қырғыз мигранттары вакцина сатып алуға еліне көмектеспек


Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев Ресейдегі қырғызстандық кәсіпкерлердің көмегімен "Спутник V" вакцинасын сатып алу жөнінде келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұдан бөлек таяуда екі ел президентінің кездесуінде 500 мың дана "Спутник V" вакцинасын мамыр айында алдырту жөнінде келісілген.

"Біз 500 мың дана сұрадық. Олар келісті. Біз кезекке тұрдық. Бірақ мамыр, маусым айларында ғана келуі мүмкін. Бірақ жақында Ресейде жұмыс істейтін жерлестеріміз хабарласты. Жақын күндері олардың ақшасына "Спутник V" вакцинасын аламыз", - деді министр.

Қырғызстанда коронавирусқа қарсы екпе 29 наурызда басталды. Әзірге қытайлық SinoPharm компаниясы шығарған вакцина қолданылып жатыр. 75 мың адамға есептелген 150 мың дана вакцина Қырғызстанға 19 наурызда келген.

Қырғызстанда коронавирус 87 мыңнан астам адамға жұқты, олардың 1,5 мыңы қаза болды.

XS
SM
MD
LG