Әкімнің сөзінше, 24-26 наурыз күндері Ташкентте Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметі өкілдерінің бас қосуында осындай шешімге келген.
Сох-Риштан жолы 2013 жылы Сох анклавына жақын қырғыз-өзбек шекарасы екі күнге ғана ашылып, қайта жабылған. Сох анклавының тұрғындары Өзбекстанға бару үшін 80 шақырым жол жүріп, Қырғызстанның Қызыл-Қия шекара бекеті арқылы өтеді.
"Енді Сох-Риштан жолы ашылса, Өзбекстанға бару жол 61 шақырымға қысқарады", - деп жазады Өзбекстанның Kun. uz сайты.