Ссылки доступа

Тәжікстанда Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореямен шатастырған вице-министр қызметтен алынды


Самариддин Ализода. Фото с сайта Минздрава Таджикистана
Самариддин Ализода. Фото с сайта Минздрава Таджикистана

Тәжікстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Самариддин Ализода Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны айыра алмауына байланысты қызметтен алынды.

18 наурызда Ализода арнайы баспасөз конференциясына дайындықсыз келген. Конференция Тәжікстанда AstraZeneca вакцинасын қолдану мәселесіне арналған. Вице-министр әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Ализоданы қызметтен алу туралы жарлыққа президент Эмомали Рахмон 31 наурызда қол қойды.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, Ализода баспасөз конференциясына дайындықсыз келуіне байланысты жұмыстан шығарылған.

18 наурызда өткен баспасөз конференциясында Самариддин Ализода ЮНИСЕФ-тің Тәжікстандағы өкілді басшысының аты-жөнін есіне түсіре алмаған, сонымен бірге ол Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореямен шатастырған. Залдағылардың ескертуін ескермеген ол: "Солтүстік пе, Оңтүстік пе, оның не айырмашылығы бар? Корея - ол Корея!" - деп жауап берген.

Самариддин Ализода денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне былтыр мамырда тағайындалған.

XS
SM
MD
LG