Ссылки доступа

Қырғыз депутаты Жұмалиевтің қамаудағы мерзімі ұзартылды


31 наурызда Бішкек қаласының 1-май аудандық соты Жогорку Кенеш депутаты Кубанычбек Жұмалиевті тергеу абақтысында қамауда ұстау мерзімін ұзартты.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутат Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында 14 сәуірге дейін отырады.

29 наурызда ҰҚМК Жұмалиев ауруханадан абақтыға ауыстырылғанын хабарлаған. Комитет депутаттың қанша уақыт ауруханада жатқанын айтпады.

Жогорку Кенеш депутаты Кубанычбек Жұмалиев биыл 4 ақпанда жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды.

XS
SM
MD
LG