Тәжікстанда 22 наурызда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны басталды. 9 наурызда Тәжікстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасы аясында AstraZeneca вакцинасын алды. Республикаға вакцинаның 192 мың дозасы жеткізілді. Үкімет республикада 5,8 миллион адамға вакцина салдыруды жоспарлаған.
Тәжікстан ислам орталығы үлемдер кеңесінің үндеуінде вакцинадан бас тартудың салдары жаман болатынын ескерткен.
Республикада қазір медицина қызметкерлері вакцина ектіріп жатыр. Алайда Еуропаның барқатар елі AstraZeneca вакцинасынан бас тартқан соң, тәжік дәрігерлерінің кейбірі вакцина салдырудан бас тартқан.
Дүниежүзілік банк Тәжікстанға вакцина сатып алу үшін 8,6 млн доллар бөлді.