Ссылки доступа

Владимир Познер наразылық акцияларынан соң Грузиядан кетуге мәжбүр болды


Владимир Познер
Владимир Познер

Ресейлік журналист Владимир Познер Тбилисиден кетуге мәжбүр болды. Тележүргізуші тоқтаған қонақ үй алдында бірнеше наразылық акциясы өткен.

Познердің Грузияға келуіне қарсы шыққандардың наразылық акциялары Тбилиси орталығында сәрсенбі күні кешке басталды. Журналист тоқтаған қонақ үй алдында полиция қызметкерлері мен шерушілер қақтығысып қалды. Наразы топ ғимаратты электр қуатынан ажыратып тастаған. Бұл туралы "Эхо Кавказа" басылымы хабарлады.

Жарық сөнген соң оқиға орнына полиция келді. Олар ғимарат алдына бөгет орнатып, қонақ үйдегі меймандарды автобуспен алып кетті. Познерді Rooms қонақ үйіне жеткізген. Белсенділер бұл жерге де барып, қонақ үй ғимаратына шикі жұмыртқа лақтырған, Асфальтқа қызыл бояумен "Грузиядан жоғал!" деп жазған.

Оппозиция жақтастары биліктен Владимир Познерді Грузиядан шығарып жіберуін талап етті. Өйткені ол Грузияның аумақтық тұтастығын мойындамайды және Ресейдің оккупациясын жақтайды деп мәлімдеді оппозиция.

"Мен мұнда саясат туралы айту үшін емес, туған күнімді атап өту үшін келдім", - деген журналист Тбилиси әуежайында. 1 сәуірде Познер 87 жасқа толды. "Эхо Кавказа" сайтының хабарлауынша, Познермен бірге Мәскеуден қырыққа жуық адам келген. Олар Vinotel Boutique Hotel қонақ үйіне тоқтаған. Познер мен тағы 32 адам коронавирус пандемиясына байланысты билік енгізген карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынған.

1 сәуірде таңертең Познер мен оның достары Тбилисиден кетті. Ресейлік журналист Грузия астанасында 3 сәуірге дейін болуды жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG