Ссылки доступа

Тәжікстанда жаңа ережелер бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды


Тәжікстанда 1 сәуірде "Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы" заңның жаңа редакциясы бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.

Оған сәйкес, жасөспірімдер белгілі бір соманы төлеп, бір ай қызметін өтегеннен кейін әскери билет ала алады.

Өлкенің қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализода әскери билет алу үшін төленетін ақша анықталғанын, ол үкімет бекіткеннен кейін жарияланатынын жеткізді.

Оның сөзінше, 19 наурызға дейін әскерге шақыру жасындағы азаматтардың 70% армияға барып, міндетін өткеруге дайын екенін білдірген.

Тәжікстандағы құқық қорғаушылар мен заңгерлер жаңа ережелер әскерде коррупциялық көріністерді көбейтуі мүмкін дейді.

Тәжікстанда осыған дейін әскерге шақыру науқаны басталғанда, жасөспірімдерді мәжбүрлеп алып кету оқиғалары жиі кездескен.

Тәжікстанда армияға шақыру жылына екі рет – көктемде және күзде жүреді. Оған 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

XS
SM
MD
LG