Ссылки доступа

COVID-19: Түркіменстан карантиндік шектеулерді жұмсартып жатыр


Түркіменстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер жұмсартылып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Бір жылдық үзілістен кейін ел ішіндегі темір жол және автобус байланысы қалпына келді. Жолаушылар билетті COVID-19 вирусы жоқ екенін растайтын анықтаманы көрсетіп ала алады.

Бұдан бөлек халықтың өлке ішінде еркін жүріп-тұруына енгізілген шектеулер де алынды. Осыған дейін бір қаладан екінші қалаға бару үшін азаматтардан наркологиялық, психиатриалдық және жергілікті полиция бөлімшелерінен алынған арнайы анықтама талап етілген.

1 сәуірден бастап өлкеде мейрамханалар ашыла бастады.

Өлкеде осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырғандар анықталмады деп келген түркімен билігі карантиндік шектеулерді не үшін енгізгенін түсіндірген емес.

Шектеулер алынуымен қатар, елде вирусқа қарсы екпе жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG