Ссылки доступа

Қазақстанда үш жоғары оқу орны лицензиядан айрылды


Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, үш жоғары оқу орны аккредитациядан айрылды.

Министрлік сайтында 2 сәуірде жарияланған мәліметте Қазақстанның тәуелсіз аккредитациялау орталығы Ақтау гумантарлық-техникаық университет пен "Астана" университетіне ресми ескерту хат жолдаған. Орталық директоры Бегалы Халмұратовтың айтуынша, бұл университеттен аккредитациялау қарсаңында мониторинг жүргізетін сарапшыларды білім мекемесіне кіргізбеген.

Биыл ақпанда Қазақ медициналық университет "заңдарды өрескел бұзуына" байланысты лицензиясыз қалды. Былтыр күзде Қазақ көлік және коммуникация академиясы мен Халықтар достығы университеті лицензиядан айрылған.

Заң бойынша, лицензиясы жоқ жоғары оқу орындары диплом бере алмайды.

XS
SM
MD
LG