Ссылки доступа

Тайванда жолаушы пойызы апатқа ұшырап, ондаған адам қаза тапты


Тайванның шығысында Taroko Express пойызы темір жолдан шығып кетті. Пойызда 350 жолушы болған. Апаттан 36 адам қаза тапты, деп хабарлады Reuters.

Агенттік мәліметі бойынша, 72 адам зардап шеккен.

Апаттан нақты қанша адам қаза тапқаны әзірге белгісіз. "Синьхуа" агенттігі кем дегенде қырық адам қаза тапқаны туралы хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, пойыз тоннельге кіріп жара жатқанда темір жолдан шығып кеткен. Рельске жиырма метрлік биіктіктен жүк көлігі құлап кеткен.

Тайванда 2018 жылы да жолаушы пойызы апатқа ұшырап, сол кезде 18 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG