Ссылки доступа

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі шетел журналисін жалған ақпарат жариялады деп айыптады


Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Польша журналисі Агнешка Пикулицкуды блогер Миразиз Базаровқа жасалған шабуыл туралы жалған ақпарат жариялады деп айыптады.

Министрлік журналистің бірнеше твитін келтіріп, оны елдің құқық қорғау органдарын жаман жағынан көрсетуге тырысты деп айыптады.

Ташкенттік блогер Миразиз Базаровты 28 наурызда белгісіз біреулер ұрып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр. Блогердің сол аяғы сынған, миы шайқалған.

Базаров Өзбекстан астанасында жапон анимесі мен корей поп-музыкасын ұнататындардың жиынын өткізбек болған. Бұның алдында ол гомосексуализм үшін қылмыстық жазаны алып тастауды биліктен талап еткен.

Агнешка Пикулицка милиция бөлімшесінде блогер Базаровтың достары мен белсенділерге қысым көрсетіліп жатқанын әлеуметтік желіде жазған.

"Арнайы қызметтер гейлерді іздестіріп жатыр. Гей болуы мүмін адамдардың суреттерін көрсетіп, олардан ЛГБТ қауымдастығы туралы ақпарат беруін талап еткен. Жаңа Өзбекстан осындай", - деп жазды журналист ​твиттерде.

Ташкентте тұратын Агнешка Пикулицка The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдарына мақала жазады.

XS
SM
MD
LG