Ссылки доступа

Донбасста ұрыс қайта жандануына байланысты АҚШ Еуропадағы әскерінің дайындығын пысықтады


Украинаның Донецк облысында украин жауынгерлері мен ресейшіл жікшілдер арасында ұрыс қайта басталуына байланысты АҚШ Еуропадағы әскерінің дайындығын пысықтады.

Politico басылымының мәліметі бойынша, 1 наурызда НАТО жойғыш ұшақтары әуеге он мәрте көтерілген.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина қорғаныс министрі Андрей Таранмен телефонмен сөйлесіп, АҚШ Украинаны қолдауға дайын екенін мәлімдеген.

"Ллойд Остин Ресей Федерациясының әрекеттеріне алаңдап, Ресейдің Донбасс пен Қырымдағы агрессиясы толастамай тұрған уақытта АҚШ Украинаны қолдайтынын айтты", – делінген Украина қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG