Ссылки доступа

Мәскеуде қарсылық акциясы кезінде ұсталған тәжік мигранттары босатылды


Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, 2 сәуірде Мәскеуде Тәжікстан елшілігі алдында наразылық акциясы кезінде ұсталған тәжік мигранттары айыппұл төлеген соң босатылған.

"ОВД-инфо" басылымының хабарлауынша, қарсылық акциясына шыққан 200-ге тарта адамға "майда бұзақылық" бабымен әкімшілік жаза тағайындап, 5 мың рубль көлемінде айыппұл салып, босатқан. Алайда 3 сәуірде белгілі болғандай, 13 адам әлі тергеу абақтысында отыр.

2 сәуірде 200-ге Тәжікстан азаматы Мәскеудегі елшілік алдына жиналып, құқық қорғаушы Иззат Амонды босатуды талап еткен.

25 наурызда Иззат Амонның әріптестері Мәскеу полициясы оны үйінен алып кеткенін мәлімдеген. Кейін оның Тәжікстанға депортацияланғаны белгілі болды.

48 жастағы Иззат Амон 2000 жылдардан бері Мәскеуде тұрады. 2009 жылы Ресей СІМ жанындағы Дипломатиялық академияны, 2013 жылы Ресей президенті аппараты жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының аспирантурасын бітірген.

Иззат Амон Мәскеудегі Халықаралық адвокаттар бюросында істейді және "Мәскеудегі тәжіктер орталығы" ұйымын басқарады. 2019 жылы ол хиджапқа тыйым салуды сынағаны үшін Тәжікстанда оған экстремизм бабы бойынша іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG