Ссылки доступа

Қырғызстанның "Нарын" мен Қазақстанның "Қорғас" халықаралық шекара аймағы арасында келісімге қол қойылды


Қырғызстанның "Нарын" еркін экономикалық аймағы мен Қазақстанның "Қорғас" халықаралық шекара аймағы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге аймақаралық форум өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл жөнінде Қырғызстан үкіметінің ресми сайтында жазылған. Бірақ толық ақпарат әлі берілмеді.

2020 жылы Бішкек –Нарын–Торугарт тас жолы бойында "Атбасы" сауда-логистикалық орталық салу жөнінде келіссөздер жүргізілген. Егер бұл жоба жүзеге асса, Қазақстан мен Қытай шекарасы арасындағы Қорғас орталығына бәсеке болады делінген.

Жобаның бюджеті 280 млн долларға бағаланған. Нысан 400 гектар аймаққа салынбақ. Оған Қытай тарабы инвестиция салуға ниет білдірген.

Бірақ жергілікті тұрғындардың наразығынан кейін бұл жоба тоқтап тұр.

XS
SM
MD
LG