Ссылки доступа

Қырғызстан билігі Ауғанстандағы этникалық қырғыздарды қысқа дейін елге көшіріп алғысы келеді


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 4 сәуірде Ауғанстаннан Ош облысы Алай ауданына қарасты Талды-Суу ауылына көшіп келген тұрғындармен кездесті.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талды-Суу ауылында этникалық қырғыздарға жер бөлінген. 17 отбасыға 11 үй тұрғызылған.

Бұған қоса, Памирде қалған ауған қырғыздарына арналып Алай ауданы Кашка-Суу ауданында үйлер тұрғызылады.

"Памир қырғыздарымен кездесуде Садыр Жапаров қалған ауған қырғыздарын биыл қысқа дейін көшіріп алғысы келетінін айтты", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дегенмен этникалық қырғыздарды елге көшіріп алу үшін бюджеттен қанша ақша бөлінетіні айтылмаған.

Алай ауданындағы Талды-Суу ауылында памир қырғыздарына үй салынатыны былтыр мамырда хабарланған. Этникалық қырғыздар Ауғанстаннан 2019 жылдың аяғында келіп, алғашқы уақытта орта мектепте тұруға мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG