Ссылки доступа

Тәжік студенттері Ресейге оқуға баруға рұқсат алды


Таджикские студенты российских вузов у посольства России в Душанбе, 11 ноября 2020 года
Таджикские студенты российских вузов у посольства России в Душанбе, 11 ноября 2020 года

Тәжікстан және тағы бес елдегі студенттерге Ресейге оқуға келуге рұқсат берілді. Мұндай шешімді Ресей үкіметі 31 наурызда қабылдаған.

Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан және Шри-Ланкада тұратын студенттерге, аспиранттарға, ординаторларға Ресейге оқуға келуге рұқсат, делінген үкімет қаулысында. Құжат Ресейдің білім министрлігінің сайтында жарияланды.

Ресейдегі жоғары оқу орындарында шамамен 26 мың тәжік студенті оқиды. Олар коронавирус пандемиясына байланысты күндізгі бөлімде оқи алмай жүрген.

Ресейге келетін шетел студенттері шекарадан өтетінін кем дегенде он күн бұрын оқу орнының басшылығына хабарлауы тиіс. Одан соң студенттің электронды поштасына елге кіруге рұқсат берілгені туралы хат келеді.

Бұған қоса, студенттер COVID-19 бар-жоғын анықтайтын ПЦР тапсыруы тиіс.

Тәжікстанның білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, былтыр 3 мыңнан астам азамат шетелдегі жоғары оқу орындары түсті, бірақ пандемияға байланысты оқуға бара алмай қалды.

Бір ай бұрын Ресей билігі 25 елдің студенттеріне оқуға келуге рұқсат берген. Олардың арасында тәжік студенттерінің жоқ екенін ресми Душанбе сынаған.

XS
SM
MD
LG