Ссылки доступа

Өзбекстанның арнайы қызметтері былтыр төрт террорлы шабуылдың алдын алған


Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 2020 жылы төрт террорлы шабуылдың жолын кескен.

ӨзА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жүзеге аспаған шабуылдардың екеуі Өзбекстан аумағында, қалған екеуі ТМД елдерінде жоспарланған.

Арнайы қызметтің мәліметінше, былтыр 67 астыртын экстремистік және терррористік ұйымдардың жолы кесілді. Бұған қоса, шетелде жасырынын жүрген 98 азаматы елге қайтарылып, жауап тартылды.

Былтыр 747 келіден астам есірткі заты, 594 қару, 4781 жарақ, 24,4 келі жарылғыш зат тәркіленді.

Қауіпсіздік қызметі жемқорлыққа қатысты 540 оқиға тіркелгенін, мемлекетке 557 млрд сум (53,2 млн.доллар) қайтарылғанын хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2018-2019 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тоғыз террорлы шабуылдың алдын алған.

XS
SM
MD
LG