Ссылки доступа

Бішкектегі ЖЭЦ-ке Кара-Кечеден көмір таситын жүргізушілер ереуілге шықты


Бішкектегі ЖЭЦ-ке Нарын облысындағы Кара-Кече кенінен көмір тистын жүргізушілер ереуілге шықты.

Ереуілдегілердің айтуынша, отын жеткізу жөніндегі тендерді жеңіп алған компаниясы жұмысшыларға ақша төлемей отыр.

"Біз Кара-Кечеден 900 сомнан (шамамен 11 доллар) көмір жеткіземіз, шын мәнінде оның тоннасын 1290 сомнан сатып отыр. Тендерді ұтып алған компания осылай ақша жасайды. Біз тиынсыз қалдық. Сол себепті жұмысты тоқтаттық. "Кыргызкомур" араға компания салмай, бізбен тікелей жұмыс істесін. Оның үстіне, жол мәселесі қиын болып тұр. Осы мәселені үкімет шешсін", ‒ деп мәлімдеді көмір тасушылардың бірі Бакыт Сламов.

"Кыргызкомур" мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз хатшысы Жийде Зоотбекова мекеме жағдайды реттеуге талпынып жатқанын хабарлады. "Біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, "Кыргызкомур" жүргізушілермен тікелей шартқа отыруға құқы жоқ екенін айттық, біз жекеменшік фирмалармен ғана жұмыс істейміз", ‒ дейді ол.

Қырғызстан тұтынатын көмірдің жартысы Кара-Кечеде өндіріледі. Бішкектегі ЖЭЦ жылына 1 млн тонна көмір жағады, соның 680 тоннасы Кара-Кечеден келеді.

XS
SM
MD
LG