Ссылки доступа

Өзбекстан тарихында бірінші рет оппозициялық партия президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді


"Эрк" партиясының логотипі.
"Эрк" партиясының логотипі.

Өзбекстанның оппозициялық "Эрк" ("Еркіндік") партиясы қазан айында өтетін президент сайлауына үміткерін ұсынатынын мәлімдеді.

"1991 жылы әділет министрлігінде ресми тіркеліп, 30 жыл бойы қудалаудың астында қызметін жалғастырып келе жатқан Өзбекстандағы жалғыз оппозициялық "Эрк" демократиялық партиясы президент сайлауына кандидат ұсынуға шешім қабылдады", - деп мәлімдеді 5 сәуірде uzerk.org ресми сайтында.

Мәлімдемеде Орталық Кеңеске бүгінгі күнге дейін партияның екі мүшесі президенттікке үміткер ретінде сайлауға қатысқысы келеді деген. Оның бірі – Саловат Умирзаков. Ол ұзақ жылдар бойы партияда қызмет еткен. Бүгінде құрметті ардагер.

Екінші үміткер – партияның жаңа мүшесі, әнші Джахонгир Атаджанов. Ол жақында музыкалық мансабын аяқтайтынын, президенттік сайлауға қатысқысы келетінін мәлімдеген.

"Эрк" партиясының Орталық Кеңесі жақында екеуінің біреуін президенттікке үміткер ретінде ұсынатынын жеткізді.

Бұл партияның негізін қалаушы ақын Мұхаммед Салих. Ол 1991 жылы өткен президент сайлауында Ислам Каримовтің басты қарсыласы болған.

Узбекистанский оппозиционер рассказал, почему разочаровался в новом президенте страны
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:24 0:00

XS
SM
MD
LG