Ссылки доступа

Путин өзінің президенттік мерзімін "нөлден бастайтын" заңға қол қойды


Владимир Путин "Ресей - мүмкіндіктер елі" форумында, 26 наурыз, 2021 жыл.

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин бірнеше заңдарға қол қойды.

Оның ішінде өзінің президенттік мерзімін "нөлден бастайтын" заң да бар. Құжатқа сәйкес, президент мерзімін қатарынан екі рет атқарған Ресей азаматы қайтадан сайлана алмайды. Бірақ бұл заң талаптарының қазіргі президентке қатысы жоқ. Сол себептен Владимир Путин алда тағы екі рет сайлауға түсе алады.

Владимир Путин Ресей билігінде 2000 жылдан бері отыр. Ол 2000 жылы және 2004 жылы екі рет президент болып сайланды.

2012 жылы Путин үшінші рет сайлауға түсті. Ол кезде президент мерзімін төрт жылдан алты жылға дейін ұзартылды. Ол 2018 жылы төртінші рет президент болып сайланды. Енді жаңа заң күшіне енгеннен кейін ол 2024 жылы да сайлауға түсе алады.

Путин 2020 жылдың маусым айында алдағы сайлауға қатысуы мүмкін екенін жеткізген. "Мен өзім үшін әлі ешнәрсе шешпедім. Егер Конституцияға өзгерістер енгізілсе, көреміз", - деген ол.

XS
SM
MD
LG