Ссылки доступа

COVID-19: Бішкек "қызыл" аймаққа енді


Коронавирус күшейіп жатқандықтан Бішкек қаласы "қызыл" аймаққа енді. Осылай деп денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, эпидемиолог Зуридин Нурматов мәлімдеді.

"Үш күннен бері Бішкек қаласы "қызыл" аймақта тұр. Шу аймағы "сары" аймақта. Қалған аймақтардың жағдайы бірқалыпты", - деді Нурматов.

Министрлік індетке шалдыққан адам өзі жүрген жайда қанша адамға жұққызды деген көрсеткішпен өлшейді. Егер бір адам 50-ден астам адамға жұқтырса, бұл аймақ "қызылға" көшеді.

Қырғызстанда соңғы тәулікте тағы 139 адамнан індет анықталған, төрт адам көз жұмған.

Ауруханада 648 адам ауырып жатыр. 34 науқастың жағдайы ауыр.

Covid-19: Почему важно вакцинироваться?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:33:22 0:00

XS
SM
MD
LG