Азалы жиынға Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркия мен Кавказдың қылмыс әлемінің өкілдері қатысты.
Бұхарадағы дереккөздің хабарлауынша, жерлеу рәсіміне жергілікті билік өкілдері де келген.
Навои облысындағы № 11 колонияда жазасын өтеген Нозим Жұмаевтың денесін туыстарына 1 сәуірде берген.
Марқұмның бір танысының айтуынша, Жұмаевты "түрмеде өлгенше ұрған". Тағы бір адам: "Жұмаев диабетпен ауырады, сол себепті оның аяғына жара шығып, сол іріңдеп өлген", - деген.
Тағы бір деректе Жұмаев "коронавирустан қайтыс болды" делінеді.
Өзбекстан ішкі істер министрлігінің өкілі Жұмаев соққыдан қайтыс болды деген мәліметті жоққа шығарды. Министрлікке қарасты мекеменің бір өкілі "Жұмаев есірткіге тәуелділіктен төрт ай бойы емделіп, 1 сәуірде есірткіге байланысты аурудан қайтыс болды" деген.
Назим Жұмаев 2014 жылдың желтоқсанында ұсталды. 2015 жылы Өзбекстандағы сот оны ескірткі сақтады, сатты деген айыптармен 20 жылға соттады.