Ссылки доступа

"Амонатбанктың" бұрынғы қызметкерінің өлі денесі Душанбеде табылды. Марқұмның туыстары "өз-өзіне қол жұмсаған" дегенге сенбейді (видео)


Икром Джабборзода
Икром Джабборзода

Тәжікстанда Соғды облысына қарасты Жабор Расулов ауданының 42 жастағы тұрғыны Икром Жабборзоданың өлі денесі Душанде өзенінің жағасында табылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет 30 наурызда марқұмның бірнеше суретін жариялап, оның асылып өлгені туралы ақпарат таратқан. Икромның туыстары өз-өзіне қол жұмсаған деген нұсқаға сенбей отыр. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Марқұмның әкесі Абдужаббор Хожаевтың айтуынша, ұлы 29 наурызда Душанбеге кеткен. "Оның көңіл-күйі жақсы болатын. Ол кешкі жетілерде әйеліне хабарласып, жақсы жеткенін айтқан. Одан соң хабар болмады", - деді ол.

Отец экс-сотрудника "Амонатбанка" не верит версии о самоубийстве сына
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:20 0:00

"Ұлымның өзенге әдейі барып, сол жерде асылып өлген дегенге сенбеймін. Икром Душанбеге неге барғаны біз үшін жұмбақ. Ол "бір адаммен шаруалары" барын айтқан еді", - дейді марқұмның әкесі.

Икром Жабборзода алты ай бұрын "Амонатбанк" филиалының бас бухгалтері қызметінен алынды. Бұрынғы әріптестері оның банктегі жұмысына ешқандай сын болмағанын, ол былтыр аттестациялау кезінде жұмыстан шығып қалғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG