Ссылки доступа

Бішкек соты белсенді Тілекмат Құдайбергеновтің қамаудағы мерзімін созды


Бішкек қалалық соты 6 сәуірде белсенбі Тілекмат Құдайбергеновтің қамаудағы мерзімін 15 сәуірге дейін созды.

Бұл туралы "Азаттыкқа" оның жақтасы Эрлан Бекчоро уулу хабарлады.

Оның айтуынша, сот отырысына белсендіні қолдаушылар жиналды. Олардың арасында Жогорку Кенеш депутаты Рыскелді Момбеков пен саясаткер Жениш Молдокматов бар. Жиналғандар Тілекмат Құдайбергеновті босатуын талап етті.

15 наурызда белсенді Тілекмат Құдайбергенов ұсталды. Ол Жетим-Тоо кенін өндіруге, жаңа Конституция қабылдауға қарсы шыққан. Милиция оның әлеуметтік желілердегі жазбадарында билікті күшпен басып алуға, жаппай тәртіпсіздікке үндеу бар деп есептейді.

18 наурызда Құдайбергенов қамауда аштық жариялағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG