Ссылки доступа

Полицейдің фуражкасын қағып түсіргені үшін сотталған Әсия Төлесова мерзімінен бұрын шартты босатылды


Алматыда былтыр тамыз айында "полиция қызметкеріне күш көрсетті және қорлады" деген айыппен бір жарым жылға бостандығы шектелген Әсия Төлесованы мерзімінен бұрын шартты босатты деп хабарлайды "Медиазона".

Басылымның жазуынша, белсендінің толық жазасын өтеуіне сегіз ай және екі күн қалған. Ол жана мерзімінің үштен бірін өтеген.

Өзін мерзімінен бұрын босату жөнінде арызды белсенді 2 наурызда жазған.

Қазақстандағы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, бостандығы шектелген сотталушы жазасын тұратын жерінде өтейді. Ол сот шешімін орындап, пробациялық бақылау қызметінің талаптарын бұзбауы тиіс. Егер сотталушы пробация шарттарын бұзатын болса, оны бостандығынан айырып, түрмеге отырғызуы мүмкін.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесова Алматыда 6 маусымдағы митингіден кейін тұтқындалған. Ол наразылық кезінде полиция қызметкерінің фуражкасын қағып түсірген. Осыдан соң оны наразылық кезінде "полиция қызметкеріне күш қолданды" және "қорлады" деп айыптаған.

Ал белсендінің өзі әлеуметтік желіде митинг кезіндегі заңсыздықтарды көріп тұрып шыдамай, "эмоцияға беріліп, жауап қайырдым" деп түсіндірген. Сот процесі кезінде белсендінің адвокаттары Төлесованың қолы полиция қызметкерінің басына емес, фуражкасына тигенін, олар физикалық соққы алмағанын айтқан еді.

Төлесова қамауда отырған кезде белгілі халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін белсендіні босатуға шақырып, оның негізсіз ұсталғанын мәлімдеген.​

XS
SM
MD
LG