Ссылки доступа

Қырғызстанның шекара қызметі: қырғыз-тәжік шекарасында жағдай қалыпты


Қырғызстанның шекара қызметі Булак-Баши ауданында ешқандай қарулы қақтығыс болмады, бәрі тыныш деп мәлімдеді.

Тараған мәліметке қарағанда, 6 сәуірде Майты елді мекенінде 2,67 гектар жерге егін егу науқаны тоқтап қалған. Оған жергілікті тұрғындар наразылық білдірген.

Шекара қызметінің түсіндіруінше, аталған қырғыз-тәжік шекарасындағы жер әлі бекітілмеген. Сол себептен Қырғызстанның Баткен облысы әкімдігі мен Тәжікстанның Соғды облысының басшылығы бұл жер толық белгіленіп, бекітілмейінше, ешқандай жұмыс жүргізбеу жөнінде келісімге келген.

"Шекара қызметі аталған учаскені толық бақылауына алды. Бұл ауданда ешқандай қарулы қақтығыс болмады. Қазір жағдай қалыпты", - деп хабарлады Қырғызстанның шекара қызметі.

XS
SM
MD
LG