Ссылки доступа

Бішкекте мектептер мен балабақшалар қайтадан қашықтан оқуға көшеді


12 сәуірден бастап Бішкекте мектептер мен балабақшалар қайтадан қашықтан оқуға көшеді. Осылай деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім қалада эпидемиологиялық жағдайдың күшеюінен кейін қабылданған.

"Соңғы аптада COVID-19 вирусын жұқтырып, пневмониямен ауырғандар саны артты. Балалардың, ата-аналар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін онлайн білім алу жөнінде шешім қабылданды", - делінген Бішкек қаласының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Бірақ жоғары оқу орындары оқуын оффлайн жалғастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG