Ссылки доступа

Тәжікстанда әскерге шақыру науқаны басталды: Өнер институтының студенттерін де алып кетіп жатыр (видео)


Студентов Института искусств в Душанбе забрали в армию, хотя у них есть отсрочка от призыва
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Тәжікстанда өткен аптада көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Былтырғыдай, жастарды көшеден ұстап әкетіп жатыр. Бұл жолы Өнер институтының 10 магистрантын әскерге күшпен алып кеткен.

Магистранттардың ата-анасының айтуынша, "Әскери қызмет туралы" заңға сәйкес, оқу кезінде армияға барудан босатылады. Бірақ соған қарамастан Өнер институтының студенті Курбон Бобомуродовты әскери бөлімшеге алып кеткен. Ол анасына СМС жазып үлгерген.

Облавы на призывников: как это происходит в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Курбонның көкесі Лутфулло Тоиров ол студент ғана емес, отбасының жалғыз асыраушысы еді деп, құқық қорғау органдарынан әскерден алып қалуын сұрайды.

Әскерге шақыру науқаны кезінде интернетте жастарды күшпен көлікке отырғызып жатқан ондаған видео тарайды. Бұл жолы жоғары оқу орнының студенттерін жиналыс болады деп шақырып, әскерге жіберілгені айтылады.

Тәжікстанның қорғаныс министрлігі мұның бәрін теріске шығарды.

"Әскери запаста 18 бен 27 жас аралығында төрт жүз мың адам бар. Олардың жүз мыңы әскери борышын өтеуден босатылған. Олар – отбасының жалғыз ұлы, студенттер және шетелге кеткендер. Ал қалған үш жүз мыңның тек бір проценті ғана әскерге шақырылады", – деді Тәжікстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализода.

Таяуда ғана Тәжікстанда ақша төлеп, бір ай әскери қызметін өтеп, әскери билет алуға болатын заң күшіне енген.

XS
SM
MD
LG