Ссылки доступа

"Жаслык" колониясы толық жабылмаған. Онда өмірлік жазаға кесілгендер отыр


Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы "Жаслық" қыстағындағы атышулы қатаң режимдегі колониясы әлі жұмыс істеп тұр.

"Озодлик" редакциясы жүргізген зерттеу барысында бұл колонияда өмірлік жазаға кесілгендер отырғаны анықталды.

2019 жылғы 2 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Жаслык" колониясын жабу туралы жарлық қабылдаған. Ішкі істер министрлігі түрмеде жазасын өтеп жатқандарды бір айда басқа колонияларға ауыстыруы керек болған.

2019 жылғы қазанда ІІМ өмірлік түрме жазасына кесілгендер басқа жерге ауыстырылғаны жөнінде мәлімдеме таратты.

Бас прокуратура "Жаслык" колонясында жазасын өтеуші бір адам қалмағанын хабарлады.

18 жыл бұрын өмірлік түрме жазасына кесілген 45 жастағы азаматтың бір туысы жақында "Жаслык" колонясында болғанын айтты.

– Біздің үйден "Жаслык" колониясына дейін 1650 шақырым жол жүресің. Анамыз екеуміз сол жерге такси жалдадық. 2,5 миллион сум (шамамен 250 доллар) төледік, – дедің Ферғана облысының бір тұрғыны. Ол есімін жариялаудан бас тартты.

Олар жылына бір мәрте колонияға барып тұрады.

– "Жаслыкқа" барып келгенімізге екі апта болды. Енді келесі жылы барамыз. Бізді жылына бір мәрте ғана кездестіреді, – дейді ол.

Ферғана тұрғыны президент жарлығынан соң "Жаслык" түрмесіндегілерді басқа жерге ауыстырады деп үміттенгенін айтты. Бірақ оның үміті ақталмады, содан бері ол президент порталына бірнеше мәрте арыз жолдаған.

– Мен порталға үнемі жазып тұрамын. Олар менің өтінішімді Жазаны атқару басқармасына жібереді. Содан кейін ол мекемедегілер маған шығады. Жаңа түрме салыну керектігін айтады. Бірақ ол түрменің қашан салынатынын ешкім білмейді, – дейді Ферғана тұрғыны.

БҰҰ-ның азаптауға қарсы күрес жөніндегі комитеті 2002 жылы Ташкенттен "Жаслык" колониясын жабуын сұраған.

XS
SM
MD
LG