Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Соғды облысына сапарлайды. Президент Ворухқа да барады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 7 сәуірде таңертең Соғды облысына сапарға шықты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Президент осы өңірде Наурыз құрметіне арналған мерекеге қатысады, халықпен кездеседі, әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралайды.

10 сәуірге дейін созылатын сапар барысында ол Ворух жамоатына да барады.

Бұның алдында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев қырғыз тарапы Тәжікстаннан Ворухты Қырғызстанға беру туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеген. Оның орнына Бішкек 12 000 гектар жер бергісі келеді.

Комитет төрағасының бұл мәлімдемесінен соң әлеуметтік желілерде қызу пікірталас басталды.

Исфара ауданына қарасты Ворух жамоаты Қырғызстанның Баткен облысымен шектесіп жатыр. Бұл маңдағы шекарада орналасқан жерлердің мәртебесі анықталмаған.

XS
SM
MD
LG